Малайзиялықтар мен оңтүстікафрикандықтар Өзбекстанда синтетикалық отын шығаратын зауыт салмақшы

ТАШКЕНТ. Шілденің 17-сі. ҚазАқпарат /Расул Бахамов/ - Өзбекстан мемлекеттік концерні «Өзбекмұнайгаз» ұлттық холдингтік компаниясы Petroliam Nasional Bhd (Petronas) малайзиялық  және Sasol Ltd. оңтүстікафрикандық компанияларымен синтетикалық сұйық отын өндіру жобасын іске асыру бойынша бірлескен кәсіпорын құру туралы келісім жасасқанын хабарлады «Өзбекмұнайгаз» ұлттық холдингтік компаниясының баспасөз қызметі.

Бірлескен кәсіпорын жалпы құны 2,5 млрд. АҚШ доллары болатын синтетикалық сұйық отын шығаратын зауыт құрылысын салуды мақсат етіп қояды. Техникалық-экономикалық негіздемеге сай зауыт 3,5 млрд. текше метрге дейін газ өңдейді және 672 000 тонна дизель отынын, сондай-ақ 278 000 тонна авиакеросин, 361 000 тонна нафта және 63 000 тонна сұйытылған газ шығаратын болады.

Зауытты іске қосу 2014 жылға жоспарланған.