Малайзияның бірқатар аудандарында аптап ыстыққа байланысты мектептер жабылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Малайзияның Білім министрлігі дүйсенбі күні елдегі аптап ыстыққа байланысты бірқатар аудандардағы мектептерде сабақ өткізбеу жөнінде шешім қабылдады. Перлис пен Паханг штаттарында ауа температурасы 72 сағат ішінде 37 градустан жоғарылап кеткен.

Ресейлік ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Білім министрлігі елдегі 259 мектептің жұмысын тоқтатқан, онда 100 мыңнан астам бала білім алады. Алайда мектептердің ұстаздар қауымы жұмысын тоқтатпайды.

Елде ыстыққа байланысты орта білім беру мекемелерінің жұмысын бұрында тоқтатып келген.

Синоптиктар елдегі аптап ыстық көптеген өңірлерде айдың соңына шейін сақталады деп болжап отыр. Олар: «Нөсер жауындар ауа температурасын төмендету тиіс, алайда бұл мамыр айының басында күтілуде», деп мәлімдеген.