Ел президенті Ибрагим Бубакар Кейтаның хабарлауынша, екі содырдың көзі жойылды.
Аталған елде төтенше жағдай режімі жарияланды. Ал 23 қарашадан бастап үшкүндік аза тұту күні жарияланады.
Еске сала кетейік, қаруланған адамдар Мали астанасы Бамакодағы Radisson Blu қонақ үйіне шабуыл жасады. Онда 170 адам тұтқынға алынған.
Алдын ала мәліметтерге қарағанда, Мали астанасы Бамакодағы Radisson Blu қонақ үйіндегі тұтқындар арасында қазақстандықтар болған жоқ , деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігінен.