Содырлар радио қызметкерлері Гислен Дюпон (Ghislaine Dupont) мен Клод Верлонді (Claude Verlon) жергілікті саясаткер, туарег тайпасы сепаратистерінің өкілімен болған сұхбаттасудан кейін тұтқынға алған. Кейін олардың өлі денесі шөл даладағы жолдың бойынан табылды. Франция Президенті бұл қылмысты айыптады. Мали билігі өз кезегінде қайғылы оқиғаны тергеуге уәде берді. Бұдан басқа Біріккен ұлттар ұйымының қауіпсіздік кеңесі мүшелері кінәлілерді жауапқа тартуға шақырды, деп хабарлады 24.kz.
19:01, 03 Қараша 2013
Малидегі содырлар екі француз тілшісін өлтірді
АСТАНА. 3 қараша. ҚазАқпарат - Малидің солтүстігінде екі француз тілшісі өлтірілді.