«Биылғы картоп түсімі жаман болған жоқ. Бірақ, Астана нарығына негізгі картоп жеткізушілердің бірі - Павлодар облысы. Мұндағы біздің үлесіміз, өкінішке қарай, өте аз. Бірақ, бұл мәселемен жұмыс істеп жатырмыз, әсіресе Целиноград ауданында. Америкалық және голландиялық технологиялар бойынша жұмыс істейтін мамандар бар. Олардың егін өнімі мол шығады. Алдағы уақытта біз жеткізетін картоп көлемін ұлғайтуды жоспарлап отырмыз», - деді Мәлік Мырзалин журналистерге берген сұхбатында.
Атап өткен жөн, Ақмола облысының әкімі бүгін елордадағы «AQMOL» сауда үйінің ашылуына қатысты.
Аталған жоба Астана қаласының маңындағы азық-түлік белдеуін ары қарай дамыту бойынша Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыру аясында жүзеге асырылуда. Онда ақмолалық тауар өндірушілер өзіндік сауда желісін құру арқылы азық-түлік тауарларын делдалдарсыз нарық құнынан төмен бағаға сата алады.
Жыл соңына дейін Астанада бұл жобаның екі сауда желісі ашылады, кейінірек дүкендер санын онға дейін арттыру көзделген.