"ҚМГ аталмыш ақпараттың шындыққа жанаспайтындығын ресми мәлімдейді. Қазіргі уақытта «PKN Orlen» концернінен мұнай өңдеу активтерін сатып алу туралы мәселе қарастырылған емес және бұл бойынша келіссөздер жүргізіліп жатқан жоқ",-делінген ҚМГ баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.
13:11, 11 Шілде 2014
Мәлімдеме: ҚМГ Литвада активтер сатып алу жөнінде келіссөздер жүргізіп жатқан жоқ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бірқатар қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарында 9-10 шілде күндері «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен польшалық «PKN Orlen» концерні арасында Мажейкяй мұнай өңдеу зауытын сатып алу туралы келіссөздерге қатысты материалдар жарық көрген болатын.