Маман Қазақстан құрамасын 2023 жылғы «ғажайыптар» үшін жоғары бағалады
Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Евгений Аверченко футболдан ұлттық құраманың Еуро-2024 іріктеу турниріндегі көрсеткіші туралы пікірімен бөлісті. Kazinform бұл туралы Sports.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
«Қазақстан құрамасы биыл өте көп жақсы эмоция сыйлады. Мақсаты анық матчтар болды, бірақ олар қандай да бір ғажайыптың арқасында жеңіске қол жеткізді. Бұған не жетсін. Қазақстан құрамасы өзін құрметтеуге мәжбүр етті, олар жарады, осы жыл үшін оларға рақмет. Олар гректерді жеңіп, кейін Еуропа чемпионатына жолдама алады деп сенемін», - деді маман.
Айта кетейік, Грекия – Қазақстан кездесуі 2024 жылдың 21 наурызында Афинада өтеді. Жеңімпаз 2024 жылы Германияда өтетін Еуропа чемпионатына жолдама алу үшін финалда Грузия-Люксембург жұбының жеңімпазымен ойнайды.