Вице-премьер мәліметінше, 2026 жылдың сегіз айында 474 895 адам теориялық емтиханға қатысты. Үміткерлердің көп болуына байланысты республика бойынша қосымша 86 емтихан орны ұйымдастырылды. Ал практикалық емтиханнан өту кезегін күтушілер саны — 43 763 адам.
— 2026 жылдың қазан айында Алматы және Қарағанды қалаларында жаңа автодромдар ашу жоспарланған. Жезқазған, Көкшетау, Жамбыл облысы Тараз және Қордай ауданында қосымша автодромдардың құрылысы аяқталуға жақын, — деді ол.
Оның атап өтуінше, Мамандандырылған ХҚО-лардың жұмыс режимі еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып белгіленген. Теориялық емтиханға жазылудың соңғы уақыты 17:30, емтихан рәсімдері 19:30–да аяқталады.
— Қабылдауды сағат 20:00–ге дейін ұзарту штат санын көбейтуді немесе ауысымдық жұмыс режимін енгізуді талап етеді. Осылайша, жұмыс режимін ұзартуды орынсыз деп санаймыз, — деді Жаслан Мәдиев.
Айта кетейік, депутат Мейраш Шынасилова Мамандандырылған ХҚО-лардың жұмыс уақытын азаматтарға ыңғайлы болу үшін ұзарту және емтихан қабылдаушылардың ауысымдық жұмысын ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынған еді.