Оның айтуынша, Қазақстанда тағамдарға тұз тым көп мөлшерде қосылады. Яғни Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған қауіпсіз деңгейден 4 есе жоғары болып тұр.
«Осының салдарынан артериялық гипертензия мен жүрек-қан тамыры ауруларының, II типті қант диабетінің және онкологиялық аурулардың кейбір түрлерінің өршуіне қатысты негізгі қауіп факторларының бірі болып отыр», - деді А. Әлназарова Сенаттағы Үкімет сағатында денсаулық сақтау мәселесін талқылау кезінде.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тұзды тағамға қосу деңгейін азайтуға қатысты белгілеген нұсқауына сәйкес, 2025 жылға қарай тұзды пайдалануды 30%-ға азайту қажет.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстанда нан және тоқаш өнімдеріндегі тұздың мөлшері төмендетілмек.