2011 жылғы санақ бойынша, елорда кәсіпорындарының меншігінде 50 мың компьютер бар. Оның 36 мыңнан астамы (72,2 пайыз) ғаламтор желісіне қосылған. Мемлекеттік органдарда компьютерлердің саны 16439 бірлікті құраған. Оның шамамен 35 пайызы ғана интернетке шығу мүмкіндігімен қамтамасыз етілген. Департаменттің хабарлауынша, кәсіпорындардың ақпараттық технологияларға кеткен шығындарының 56,9 пайызы техниканы сатып алуға жұмсалса, 6,6 пайызы байланыс қызметтерін төлеуге бағытталған.
Ал жалпы астаналықтарды алатын болсақ, тұрғындардың 68,8 пайызында интернет желісі бар. Респондеттердің 94,8 пайызы ғаламторды электронды пошта арқылы хат алмасу үшін пайдаланатындықтарын айтқан. 17,8 пайызы фильмдерді, музыканы, суреттерді жүктеуге және бейнефильмдерді көруге қолданады. Ал 41,8 пайызы электронды кітап, онлайн газет пен журнал оқитын көрінеді.