Бұл туралы бүгін КТК телеарнасындағы Артур Платоновтың «Халық қызметшісі» бағдарламасында сұхбат берген ҚР Бас прокуроры Асхат Дауылбаев айтты.
«Қазіргі уақытта біз «Челленджер» бортындағы барлық жазбаларды тауып, расшифровка жасай алдық. Халықаралық авиация комитеті пен ұшақты жасаған зауыт бұл аппаратураларды барынша тыңғылықты зерттеу үстінде. Дегенмен, біз өзіміздің тергеу амалдарымызды қатар жүргізудеміз. Біздің тергеушілер мен мамандар жазба мәліметтерді сараптауда және қазіргі уақытта біз бұл ұшақ құралдарының істен шығуын куәландыратын бірде-бір көрсеткішті көріп отырған жоқпыз. Бірақ та расшифровка жасау одан әрі жалғасуда. Мұны авиатехниканы бүге-шігесіне дейін білетін мамандар жасауы тиіс», деді А.Дауылбаев.