Германиялық «Simon Kucher&Partners» компаниясының маркетологтары мен бақылаушылары 3 шақырым қашықтыққа жету үшін такси құны қанша тұратынын анықтады.
Амстердам қаласында сол межеде такси қызметі 12,38 доллар болса, Лондонда - 11,87, Берлинде 11,75, Венада - 10,80, Парижде 7,66, ал Цюрихте 19,17 доллар болады екен.
Бұл анықтама бойынша ең арзан баға Нью-Йоркте, онда такси құны - 7 доллар, делінген мақалада.