Оның сөзіне қарағанда, Қазақстан Кедендік одақ нарығында отандық ауылшаруашылық өнімдерінің үлесін арттыруы тиіс. Ол үшін Қазақстанда қажеттінің барлығы бар және КО елдерінің нарығына ұлттық брендпен кіруіміз қажет.
«Кедендік одақ нарығына кірудің ең әлеуетті салаларын атайтын болсақ, олар: мал шаруашылығы, астық және тамақ өнеркәсібі. Мал шаруашылығы мен егін шаруашылығы біздің ел үшін таңсық емес, оның қалыптасқан көп жылғы дәстүрі бар. Тамақ өнеркәсібіне келетін болсақ, мұнда ауылшаруашылық өнімдерін өңдеуді қарыштату керек. Біз ұлттық брендімізбен кіруіміз шарт және оған күшіміз жетеді. Мәселен, қазақстандық нан немесе ұлттық ет өнімін неге сатпасқа?!» - деді ол бүгін Орталық коммуникациялар қызметіне өткен брифингте.
Б.Сырлыбаеваның атап өткеніндей, АӨК саласында ұлттық бренд құрып, оны ары қарай КО елдеріне, тіпті алыс шетелдегі нарықтарға шығару үшін Қазақстанда агромаркетингті дамыту қажет.