Жаңа Зеландияда жүргізілген зерттеу жұмыстары Қытай өндірісі киімдеріндегі зиянды химиялық қосылыстар қалыпты жағдайдан 900 есе асатынын көрсетті.
Формальдегид - ерекше қауіпті. Бұл түссіз газ матаның умаждалып, мыжылып қалуына жол бермейді, сондай-ақ, киімнің көгеріп, не көк сасып кету қаупін сейілтеді. Бірақ, ол керісінше, адамдарда аллергиялық реакциялардың пайда болуына әсер етеді. Кей ғалымдар мұндай жағдайда қатерлі ісіктің де дамып кетуі мүмкін екенін айтады. Аллергияны басытқы бояғыштар мен анилин бояғыштары тудыруы мүмкін. Ол көптеген синтетикалық маталарды бояуда қолданылады. Алғаш рет жуылған соң бояғыштың бөлшегі матада қалады, сондықтан Дональд Белсито киімді екі рет жууға кеңес береді. Бұл, әсіресе, химиялық қосылыстарға аллергиясы бар адамдарға қатысты айтылған кеңес. Бояғыштар денеге тигенде онда дене қызарып, бөртпелер пайда болуы мүмкін. Негізінен ол бел, мойын, сан және қолтықта шығады.