Мамандар саяхатшылар үшін қызықты емес елдерді анықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік туристік ұйым (ДТҰ) зерттеушілері соңғы уақытта саяхатшылар көңілінен шыққан, демалуға ең қойлайлы елдермен қатар саяхатшылар аяқ баспайтын мемлекеттердің де тізімін анықтады, деп жазады Лента.ру.

ДТҰ баяндамасына сенсек, 2013 жылдың қорытындысы бойынша, Оңтүстік Америкаға сапар шеккісі келгендердің ешқайсысы да Гайананы таңдамайды. Сондай-ақ, Белиз бен Канада саяхатшыларды бұрынғыдай өзіне тартып, қызықтыра алмады.

Еуропаға барғанды жөн көрген туристер Исландия мен Лихтенштейн, Молдава мен Сан-Мариноны көруге қызығушылық танытпаса, Африка құрлығындағы Сьерра-Леоне еліне шетелдік саяхатшының аяғы тимепті. Ал Азияны тамашалығысы келгендердің ешқайсысы да Моңғолия мен Бутанға бармаған.

Еске сала кетейік, жақында ДТҰ 2013 жылдың қорытындысы бойынша, қай елге көп турист барғанын және қай елдерге саяхатшылар бармағанын анықтаған болатын. Рейтинг бойынша Франция туристік орталық атанып, көш бастап тұр. Екінші орында АҚШ, одан кейін Испания тұр.