«Мамандарды өсіреміз!» әлеуметтік жобасының қорытындысы шығарылды

АСТАНА. Маусымның 24-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін «ҚазАқпарат» ұлттық компаниясының баспасөз орталығында «Мамандарды өсіреміз!» әлеуметтік жобасының қорытындысы шығарылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ЭксонМобил Қазақстан» компаниясының демеушілігімен жүзеге асқан аталған жобаны «Тұран-Профи» халықаралық кәсіби академиясының біліктілікті жетілдіру институты және Астана қаласы халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастыруымен өтті. Жоба аясында әлеуметтік жағынан аз қамтылған мектеп оқушылары «Алтын сервис - кз» компаниясында өндірістік тәжірибеден өтіп «Автомобиль жөндеу  слесарі» мамандығын игерді.

«Тұран-Профи» халықаралық кәсіби академиясының ректоры Манен Омаровтың айтуынша, өткен жылдың сәуір айынан бастап әлеуметтік жағынан аз қамтылған 158 жас осындай дайындық курстарынан өтіп, арнайы куәліктерге ие болды. «Жалпы, біздің академия 700-ге жуық жұмыссыз азаматты қайта даярлықтан өткізіп, белгілі бір мамандық иесін дайындап шығаруға міндеттеме алып отыр», - дейді М.Омаров.