деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Осы мәселе бойынша арнайы жүргізілген талдау жұмыстарының нәтижелеріне сүйене отырып, ол келтірген мәліметтерге қарағанда, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында жануарлар әлемін қорғайтын 150 адамның жұмыс істеп жатқандығына қарамастан, аймақта бір рет те заң бұзу әрекеттерінің орын алғандығы тіркелмеген. Ал соңғы 2 жыл ішінде аң шаруашылығына бекітілген аймақтарда ақбөкендерге заңсыз аңшылық жасау фактілерінің 30-ы орын алған. «Осыған қарай қазір Ауыл шаруашылығы министрлігіне аң шаруашылығына қатысты заңдарды жетілдіру жөнінде тиісті ұсыныстар жасалды. Осы ұсыныстар бойынша орманшылар, немесе аң шаруашылығының мамандары заңсыз аң аулауға қатысы бар болып шыққан жағдайда міндетті түрде жұмысынан босатылады. Сондай-ақ аң шаруашылығы өкілдерінің алдын ала белгіленген келісім бойынша талаптарды орындамайынша, оларға қызметтерін әрі қарай жалғастыруға тыйым салынады. Прокуратура сонымен қатар осы саладағы жұмыстарды жетілдіруге бағытталған өзге де бірқатар ұсыныстарын жеткізді», деді ресми өкіл.