Әділет министрінің орынбасары Зәуреш Баймолдинаның айтуынша, қолданыстағы Азаматтық кодексте мәмілелерді мәніссіз және дауланатын деп бөлу қарастырылған.
«Алайда, бұндай нормаларды бөлетін ортақ нормалар жоқ, осыны заңнамалық деңгейде бекіту көзделеді. Бұндай жағдай сот практикасын күрделендіріп отыр. Айта кетерлігі, заң жүзінде осы норма қалыс қалғандықтан, ондай олқылық келісімшарттардың тұрақсыздығын тудырады. Сонымен қатар, Қазақстанның жағымды инвестициялық климатына да төндірер қатері бар», деді З. Баймолдина.
Оның айтуынша, ТМД елдерінің осы бағыттағы тәжірибелерін ескере келе, айқын құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында келісімшарттарды мәніссіз және дауланатын деп бөлу ұсынылған.
«Бұл ретте дауланатын мәмілелер соттың мәмілені жарамсыз деп тануы туралы шешімі заңды күшіне енбейінше жарамсыз деп есептеле береді. Ал мәніссіз мәміле ұлттық заңнамалық актілерде тікелей көзделген жағдайларда жарамсыз деп саналады», деді З. Баймолдина.