Мамин АҚШ мемхатшысының орынбасарымен сауда-экономикалық мәселелерді талқылады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Нұр-Сұлтан қаласына Орталық Азия мен АҚШ елдері арасындағы диалогты дамыту жөніндегі «С5+1» отырысына қатысуға ресми сапармен келген АҚШ мемлекеттік хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Дэвид Хэйлмен келіссөздер өткізді. Бұл туралы ҚазАқпарат primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Тараптар 2018 жылы АҚШ-қа ресми сапар аясында ҚРТұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен АҚШ Президенті Дональд Трампарасында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудың маңыздылығын атапөтті.

Келіссөздер барысында екіжақты сауда-экономикалықжәне инвестициялық ынтымақтастықты дамытудың өзекті мәселелері талқыланды. АҚШ— Қазақстан экономикасының ірі инвесторларының бірі. 2005 жылдан 2018 жыларалығында АҚШ-тан Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы ағыны $40 млрдқұрады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша ҚР-ға америкалық инвестициялар жаңарекорд орнатып, $5,3 млрд құрады. Биылғы қаңтар–маусым аралығында екі еларасындағы тауар айналымы $1,1 млрд құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегікөрсеткіштен 31,8% жоғары.

Дэвид Хэйл Қазақстанның АҚШ инвесторлары үшінтартымдылығын атап өтті.

«Бізде экономикалық қатынастарды дамытудың үлкенәлеуеті бар», — деп Асқар Мамин, елдердің энергетика, ауыл шаруашылығы,денсаулық сақтау, ақпараттық технологиялар, логистика, туризм, авиағарыш өнеркәсібісалаларында өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдете түсудің перспективаларынатап өтті. — Сіздің елімізге ресми сапарыңыз елдердің өзара іс-қимылыннығайтуға елеулі серпін береріне сенімдімін».

Соңғы жаңалықтар