Форумда сонымен бірге, ҚХР Мемлекеттік кеңесі премьерінің орынбасары Чжан Гаоли болды.
Өңіраралық ынтымақтастық форум Қазақстан және Қытай басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Си Цзиньпиннің бастамасымен ұйымдастырылған.
Қазақстан тарапынан жиынға Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, облыс әкімдерінің орынбасарлары, министрліктердің, ұлттық компаниялардың, бизнес-бірлестіктердің өкілдері қатысты. Ал Қытай тарапынан провинциялардың басшылары, мемлекеттік органдар мен ірі компаниялардың жетекшілері келді.
«Екі елдің басшыларының бастамасымен өткізіліп жатқан форум достықты, көрші мемлекеттер ретінде тату-тәтті қарым-қатынас пен стратегиялық серіктестікті нығайтуға тың серпін береді», - деді Асқар Мамин шараның ашылу салтанатында.
ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин өз сөзінде форумның екі елдің арасындағы ең маңызды сұрақтарды талқылауда, екі жақты диалогты тереңдете түсуде және ең бастысы «Нұрлы жол» бағдарламасы мен «Бір белдеу - бір жол» жобасын түйістіре білетін бірегей алаң болатынына сенім білдірді.
«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жібек жолының экономикалық белдеуін» «Нұрлы жол» бағдарламасымен түйістіруге бағытталған бастамасы инвестиция тартып, инфрақұрылымдық жобалар бойынша екі елдің қарым-қатынастарын үйлестіруге мүмкіндік берді», - деді Асқар Мамин.
ҚР Үкімет басшысының бірінші орынбасары ең маңызды құжаттардың бірі ретінде 2015-2020 жылдарға арналған ҚР мен ҚХР-ның шекара ынтымақтастығы бағдарламасын атап өтті.
«Қазақстанның барлық 16 өңірінің Қытайдағы әр түрлі провинциялардың компанияларымен іскерлік қарым-қатынастар мен бірлесе жүзеге асыратын жобалары бар», - деді Мамин.
Асқар Мамин сонымен бірге саны бойынша ЭКСПО «Қытай-АСЕАН» 14-ші жұмысына қатысып, Қазақстанның ұлттық павильонын ашты. Қазақстандық павильонда отандық өндірушілердің әр түрлі отандық өнімдері көрсетілген 20 стендтен тұрады.
«ЭКСПО «Қытай-АСЕАН» 14-ші жұмысына қатысу Қазақстан үшін «Жібек жолының экономикалық белдеуі» мен «Нұрлы жол» бағдарламасын, Қазақстанның даму бағдарламасы мен Қытайдың және Оңтсүік-Шығыс Азия елдері қауымдастығы мүшелерінің бағдарламаларын түйістіруге қосымша серпінін береді», - деді ол.
Іссапар аясында ҚР Премьер-Министрінің бірінші бірінші орынбасары China National Chemical Engineering Co.Ltd, China General Technology Holding Ltd, CITIC Group, Xin Xin Corporation, China Railways Engineering Group Co, TBEA Heng Yang Transformer Co және тағы сол секілді қытайлық ірі компаниялардың жетекшілерімен кездесу өткізді.
Форум аясында «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мақсат Қабашев пен «Silver Tiger Capital» компаниясының басшысы Цуй Лунфэй жалпы капиталы 250 миллион АҚШ долларын құрайтын инвестициялық қор құру бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
«Aitey Group» басқарма холдингінің төрағасы Сейітжан Есімов пен «Stone Stock» компания басқармасының төрағасы Ху Цзинпэй стратегиялық ынтымақтастық орнату жөнінде келісімге қол қойды.