Жұмыс кестесіне сəйкес алдымен күрделі жөндеуден өткен «Жетісу» әуежайының жұмысымен танысады. Аталған нысанның жалпы аумағы 41 га. Жылына орта есеппен 26 мыңнан астам жолаушыға қызмет көрсетуге қауқарлы.
Сондай-ақ, Алматы-Өскемен тас жолы, Талдықорған қаласындағы оңтүстік-батыс аймағындағы көпқабатты тұрғын үйдің құрылысымен де танысады. Ал түстен кейін іссапар Панфилов ауданында жалғасады деп жоспарлануда.