Премьер-Министрдің атап өтуінше, декларациялау және көршілес елдер арасында кедендік статистикадағы алшақтық мәселесі әлі де шешілген жоқ.
«Сондықтан, Мемлекет басшысы тапсырмасы аясында Қаржы министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, наурыз айының соңына дейін шекарада заңсыз тауар айналымына қарсы іс-қимылдың кешенді жоспары бойынша тәсілдерді әзірлеп, Үкіметке енгізсін»,- деді Асқар Мамин.