АСТАНА. KAZINFORM — Биылғы 3-11-мамыр аралығында Астана қаласындағы «Дәулет» теннис орталығының корттарында, тарихта алғаш рет теннистен интеллектуалдық ерекшеліктері бар спортшылар арасында халықаралық жарыс — Virtus Әлем чемпионаты өтеді.
Бұл шара тек Қазақстанда емес, Орталық Азияда тұңғыш рет ұйымдастырылып отыр.
Біріншілікке 8 мемлекеттің ең мықты теннисшілері қатысатынын растады. ОларҮ
- Бельгия
- Аустралия
- Польша
- Ұлыбритания
- Италия
- Индия
- Франция
- Қазақстан
Жарыстар II1, II2 и II3 санаттарында жеке, жұптық және командалық разрядтарда өтеді.
Айта кетейік, Юлия Путинцева Чарльстон турнирінің үшінші айналымына жолдама алды.
Дмитрий Попко Мексикадағы жеңісті жолын жалғастырды.
Асхат Райқұл
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 15 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған.
2022 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің шығарушы редакторы.