Мамыр айында не арзандап, не қымбаттады

АСТАНА. KAZINFORM — 2026 жылғы мамыр айында инфляцияның айлық деңгейі 0,7%. Азық-түлік тауарларының бағасы 0,4% өсті, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,6%, ал ақылы қызметтер 1,1% өсті.

Фото: Kazinform

— Азық-түлік өнімдері арасында қияр бағасы 25,4%і, қызанақ 25,1%, тәтті бұрыш 8,3%, сарымсақ 3,1%, мандарин 2,6%, қызылша 2% төмендеді. Сондай-ақ күнбағыс майы мен консервіленген жүгері бағасы 0,4% арзандады. Қой еті 4,7%, сиыр бауыры мен майдағы шпроттар 3,3%, алма 3,1%, шұжық 1,7%, ішетін сүт 1,1%, жұмыртқа 0,6% және айран 0,4% қымбаттады, — делінген .

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар арасында таба 4,8%, ыдыс жуғыш машина 3,3%, кітап бағасы 2,5%, смартфондар 1,5% төмендеді және бөлме өсімдіктері 0,6% арзандады. Ал фотоаппарат бағасы 7,4% артты, үтік 3,1%, шаруашылық сабын 2,7% және дәрі-дәрмектер 1,7% өсті.

Балалар аттракциондары қызметтері 6,6%, көлік қызметтері 1,5%, автокөлік жуу қызметі 0,7% өсті.

Жылдық мәнде 2026 жылғы мамыр айында инфляция 10,4% болды. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар 11,7% өсті, азық-түлік өнімдері 10,7%, ақылы қызметтер 8,7% артты.

Жылдық есепте қияр бағасы 35,2%, пияз 25,1%, қызанақ 24,3%, картоп 7,5%, банан 4,9%, күріш 4,3% төмендеді. Ал алма 9,8%, мұздатылған балық 8,5%, қара шай 7,6%, макарон өнімдері 6,6%, қант 2,3% өсті.

2025 жылдың мамырымен салыстырғанда отандық жеңіл автокөліктердің бағасы 17,9% төмендеді, сондай-ақ азитромицин 6%, микротолқынды пеш 1,1% арзандады. Ал шаруашылық сабын 10,5%, ерлер шалбары 10,2%, кір жуғыш ұнтақ пен тұрмыстық техникалар бағасы 9,1% өсті.

Көлік қызметтері 11,1%, қонақүй қызметтері 10,3%, білім беру қызметтері 8,9%, мобильді байланыс қызметтері 7,6% қымбаттады.

Тұтыну бағаларының индексі инфляция деңгейін сипаттайтын көрсеткіш болып табылады және ай сайын есептеледі. Бақылау 537 тауар мен қызмет түрі бойынша жүргізіледі. Инфляция динамикасы бойынша деректер 2018 жылдан бастап қамтылған арнайы интерактивті дашбордта қолжетімді.

Айта кетелік Қазақстандағы бензин, дизель және автогаз бағасы қанша екенін жазған едік