«Шара барысында тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді, оның ішінде Таяу Шығыс бейбітшілік процесіне көмек көрсету, халықаралық терроризм мен исламофобияға қарсы күрес, кедейлікті жою және ұйымға мүше елдерде тұрақты дамуды қамтамасыз ету мәселелерін, сондай-ақ ұйымның одан әрі даму перспективаларын талқылауды жоспарлап отыр», - деді Айбек Смадияров министрліктің апталық брифингінде.
Бұл іс-шараға Қазақстан тарапынан Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев қатысады.