АСТАНА. ҚазАқпарат - Британдық суретші Дэмьен Херст әзірлеген алтын жалатылған мамонт қаңқасы аукционда 15 миллион долларға сатылды, деп хабарлады шетелдік БАҚ.
Канн кинофестивалі аясында өткен дәстүрлі аукционда 3 метрлік мамонттың алтын жалатылған қаңқасын шыққан тегі ресейлік американдық миллиардер Лен Блаватник сатып алған.
Айта кетерлігі, аукционнан түскен барлық қаржы ЖИТС/АҚТВ ауруларын зерттеу жұмыстарына жұмсалатын болады. Жалпы, аукцион барысында сатылған жәдігерлер 35 млн. долларға бағаланды.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.