Ыстықкөл облысының әкімшілігінің хабарлауынша, облыстық К.Жантөшев атындағы музыка драма театрында студенттер мен жастар ұйымдарының басқосуы өткізілген.
Осы жиында облыс аумағы бойынша Үкіметтің уәкілетті өкілі Асқат Әкібаев Отрадное ауылының әкімі Бақыт Жұмабеков, кіші милиция лейтенанты Нұрлан Үсіпбаев, сондай-ақ Орлиное ауылының тұрғындары Қанат Болотов, Ермек және Ерлан Күлетовтарға дала зілінің қаңқасын тапқаны әрі арнайы мекемеге тапсырғаны үшін алғыс білдірілді.
«Алып жануар қаңқасының Мәдениет және тарих жылында ашылғаны жақсылықтың нышаны. Осыны тауып әрі бізге тапсырған жастарға алғыс айтамын, бұл жаңалық әлем тарихы мен оның эволюциясындағы жаңа парақшаны ашты», - деді Асхат Әкібаев.
Ауыл тұрғындарының азаматтық ісін естіген «Кассана Минералс» мекемесінің басшылығы үш жігітке смартфон сыйлаған.
«Бұл Ыстықкөл жеріндегі табылған соңғы тарихи құндылық еместігіне сенемін, келесі жолы жәдігер табылса жігіттер оны өз смартфондарымен суретке түсіріп алады», - деді «Кассана Минералс» мекемесінің директоры Талант Медеров.