Бұл туралы «Міндетті медициналық сақтандыру қоры» АҚ Атырау облыстық филиалының директоры Сәбит Құралбек мәлім етті.
«Соңғы дерекке сүйенсек, Атырау облысы тұрғындарының 94 пайызы сақтандырылып отыр. Бұл – 655 мыңнан астам адам. Ал, 39 мыңға жуық тұрғын әлі сақтандырылған жоқ. Сақтандырылған тұрғындардың ішінде 380 мың адам жеңілдікке ие болғандар қатарына жатады. Олар – зейнеткерлер, балалар мен жеңілдік санатын иеленгендер» деп хабарлады «Міндетті медициналық сақтандыру қоры» АҚ Атырау облыстық филиалының директоры Сәбит Құралбек.
Оның айтуынша, 2017 жылдың 1 шілдесінен биылғы наурызға дейін МӘМС қорына Атырау облысынан 17,7 миллиард теңге көлемінде жарна аударылды.