Ал осы жылдың қазан айында елордалықтар медициналық сақтандыру үшін 3,6 млрд теңгеге жуық жарна аударды» – деп хабарлайды Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының елорда филиалының баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 2017 жылдың 1 шілдесі мен 2021 жылдың 31 қазаны аралығында медициналық сақтандыру үшін жинақталған жарнаның жалпы сомасы 92,2 млрд теңгеге жуық соманы құрады.
«2021 жылдың қазан айында медициналық сақтандыру үшін елордалықтар 3,6 млрд теңгеге жуық жарна аударған. Оның ішінде жұмыс берушілердің аударымдары 1,7 млрд теңгеге жуық, ал жеке кәсіпкерлерден түскен жарна – 1,9 млрд теңге. Осы аралықта бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) бойынша аударылған МӘМС жарналары 8,8 млн. теңгені құрайды.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру үшін түскен барлық жарна аударымдары, яғни жинақталған қаржы, сенімгерлік басқару туралы жасалған келісімшартқа сәйкес, Ұлттық банкте сақталады да, медициналық қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі және МӘМС пакеттері бойынша халыққа көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жасап, тексергеннен кейін ғана Қор жеткізушілеріне төлем жүргізіледі», - дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры Нұрлыбек Қабдықапаров.
«Медициналық сақтандыру қоры пациенттер құқығын қорғайды. Қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда: кері байланыс арналары арқылы Қорға хабарласуға болады. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры өтінішіңізді қарап, тиісті шара қабылдайды»,-делінген «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.