«Қазір жұмыс тобы бұл бағытта жұмыс істеп жатыр. Біріншіден, медициналық сақтандыру жүйесінің өзі дұрыс. Оны бүкіл әлемде қолданып отыр. Бірақ дәл біздің жүйенің олқылықтары бар. Соған байланысты жұмыс тобы құрылды, бір ай мерзім берілді. Денсаулық сақтау министрлігі өз ұсыныстарын алдымызға қояды», - деді вице-премьер.
Дегенмен ол төлемнің мөлшерлемесін азайту қаншалықты мүмкін екенін айтпады.
«Жұмыс тобы қазір ол мәселені пысықтап жатыр. Кейін ұсыныстарымызды береміз», - деп қысқа қайырды Тамара Дүйсенова.