Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі МӘМС қызметін үйлестіру департаментінің директоры Гүлжан Шайхыбекова осындай дерек айтты.
Брифинг барысында БАҚ өкілі жыл басынан бері МӘМС жүйесіне қанша қаржы түскенін, ол ақша қалай жұмсалатынын сұрады.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасының орынбасары Ілияс Мұхамеджанның сөзіне қарағанда, МӘМС жүйесіне былтыр 852 млрд теңге түскен.
«Ал биыл 902-904 млрд теңге түседі деген есеп бар», - деді ол.
Ал Гүлжан Шайхыбекованың айтуынша, аталмыш жүйеге биыл 907 млрд теңге түсуі керек.
«8 айдың қорытындысы бойынша 654 млрд теңге түскен. Жалпы жыл бойында 907 млрд теңге түседі деп күтілуде. Оның ішінде 852 млрд теңгесі медициналық көмектерге бағытталады», - деді ДСМ өкілі.