МӘМС жүйесінің тәртібін түсіндіретін жаңа байланыс орталығы іске қосылады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің тәртібін түсіндіруге арналған 1406 байланыс орталығын іске қосады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«МӘМС жүйесібойынша халықпен кері байланыс қазіргі таңда үш бағыт бойынша жолға қойылған:біріншісі – көпшілікке жүйе 1414 байланыс орталығы арқылы (Азаматтарға арналғанҮкімет) түсіндіріледі. Аталмыш байланыс орталығына 2018 жылы 40 мың қоңыраукеліп түскен. Біздің қор тұрақты түрде сұрақтарға берілген жауаптардың базасынжаңартып, операторларды оқытып келеді. Дәл қазіргі уақытта қоңыраулардың саныедәуір азайып кетті. Бірақ, МӘМС жүйесінің күшіне енетін мерзімі тақапқалғаннан кейін алдағы уақытта қоңыраулардың саны қайта артатынын болжап отырмыз»,- деді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басқарма төрағасы АйбатырЖұмағұлов елордада өткен жиында.

Осығанбайланысты Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 1 желтоқсаннан бастап жеке1406 байланыс орталығын іске қосуды жоспарлауда.

«Ол байланысорталығында қордың тікелей мамандары мен сарапшылары жүйенің мән-жайынтүсіндіреді. Яғни, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің мәселелері бойынша қызықтырған сұрақтардыңбарлығын осы нөмірден ала аласыз», - деді ол.

Еске салакетсек, осыдан біршама уақыт бұрын Премьер-министр Асқар Мамин Үкіметотырысында міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесінің қыр-сырынхалыққа терең түсіндіруді тапсырған болатын.

«Денсаулықсақтау жүйесін дамытудың 2025 жылға дейінгі жаңа мемлекеттік бағдарламасыәзірленуде. Сақтандыруды тиімді түрде енгізу үшін 1 қыркүйектен бастапҚарағанды облысында пилоттық жоба іске қосылады. Осыған байланысты біріншіден,Денсаулық сақтау министрлігіне осы жобаны іске қосуды, барлық медициналықұйымдарды қамтамасыз етуді тапсырамын. Бұл тәжірибені барлық өңірлерге таратужәне келесі жылдан бастап медициналық сақтандыру толық іске қосылған кездеескеру қажет. Екіншіден, барлық өңірлерді әкімдеріне қазан айына дейін міндеттіәлеуметтік-медициналық сақтандыру жобасын жүзеге асыруды қамтамасыз етудітапсырамыз», - деді Асқар Мамин Үкімет отырысында.


Соңғы жаңалықтар