Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан «ЕҚЫҰ-ның адами өлшемдері: 2010 жылғы жалпы және тақырыптық басымдықтар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Константин Жигалов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Шарада Қазақстан ЕҚЫҰ-ға төрағалығы барысында сонымен қатар парламенттік құрамдауыштарға да зор маңыз беретіндігін жекізген К. Жигалов: «Осы жылдың мамыр айында Алматыда «ЕҚЫҰ-ның еуразиялық өлшемі» тақырыбында Трансазиялық парламенттік форум өтетін болады. Оған Еуропа мен Азия елдерінен қатысушылар шақырылады. Онда ЕҚЫҰ-ның барлық үш «себетіндегі» мәселелердің кең ауқымды проблемалары талқыланатын болады», деді.