деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Премьер-Министрдің айтуынша, елімізде ауыл шаруашылығы өнімін өндіру 5 айдың ішінде 3 пайыздан астамға өсті. Ал негізгі капиталға деген инвестициялар 7,4 пайызға, мамыр айында 10,8 пайызға артты. Сондай-ақ халықтың ақшалай кірісінің өсімі сәуір айындағы көрсеткіштер бойынша 4 пайызға жетті. «Еліміздегі жалдамалы жұмысшылар саны 3,4 пайызға өсіп, 100 мыңнан астам жұмыс орындары ашылды. 5 айдағы инфляция деңгейі 3,5 пайызды құрады. Біз ең төменгі экономиканың құлдырау жағдайына жол бермей дағдарыстан кейінгі дамуға қажетті алғышарттар жасай білдік», деді К. Мәсімов.