Мамыр айында елдегі өнеркәсіп кәсіпорындарының іскерлік белсенділігі өзгерген жоқ

АСТАНА. Маусымның 12-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Статистика агенттігінің мәліметтеріне қарағанда, мамыр айында зерттелген өнеркәсіп кәсіпорындарының іскерлік белсенділігі оның алдындағы аймен салыстырғанда өзгерген жоқ. Өнеркәсіп кәсіпорындарының басшылары 2010 жылғы мамырда өткен аймен салыстырғанда дайын өнiмге сұраныстың және оның қорларын өзгермегенін атап өткен. Бұл олардың іскерлік белсенділігінің салыстырмалы тұрақтануына себепші болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сонымен, 2010 жылғы мамырда өнеркәсіп кәсіпорындарының іскерлік белсенділігін сипаттайтын кәсіпкерліктің сенімділік индексі өткен аймен салыстырғанда өзгермей ( 8) пайызды құрады. Сауалнамаға қатысқан кәсіпорындар басшыларының бағалауы бойынша жақын арадағы келешекте, 2010 жылғы тамызға дейiн, iскерлiк белсендiлiктiң өсуі күтілуде. Сонымен, кәсіпкерліктің сенімділік индексі 2010 жылғы мамырмен салыстырғанда 2 пайыздық тармаққа өсіп, ( 10) пайыз құрайды деп болжанған.