Мамыр айында Қазақстандағы кәсіпкерлердің іскерлік белсенділігі артты
Агенттік мәліметеріне қарағанда, іскерлік белсенділіктің өзгеруін белгілейтін кәсіпкерлік сенімділіктің индексі 2 пайыздық тармаққа өсіп +10%-ды құрады. Сұрауға қатысқан өнеркәсіптік кәсіпорын басшыларының басым бөлігі таяу уақытта, тамыз айына дейін өздерінің іскерлік белсенділігі артатынын болжаған.
Сауда кәсіпорындары басшыларының бағалауынша, 2013 жылы мамыр айында тауар тұтынушылар сұранысының төмендеуі олардың іскерлік белсенділігінің өзгеруіне әкеліп соққан. Бұл ретте кәсіпкерлік сенімділіктің индексі 1 пайыздық тармаққа төмендеп, +6%-ды құраған.
Сұралған кәсіпорындардың 68 пайызы 2013 жылдың тамызына дейін қаржы-шаруашылық қызметі қазіргіге қарағанда өзгермейді деп болжаса, олардың 19 пайызы жағдайдың қазіргімен салыстырғанда жақсаратынын, ал 12 пайызы төмендеуі мүмкін екенін көрсеткен.