Мамыр айында Қазақстанның мұнай-сервис саласы 3 бірлескен кəсіпорынмен толығады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылдың мамырында Қазақстанның мұнай-сервис саласында бірлескен үш кəсіпорын құрылады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында "ЦентрАзия Групп" компаниясы басқармасының төрағасы Алмас Құдайберген мəлім етті.

"Дағдарыс тек проблема ғана емес, жаңа мүмкіндіктердің көзі. 4 мамыр күні Атырауда жыл сайынғы Қазақстан мұнай-газ сервис конференциясы өтетінін жариялаймыз. Конференцияға кемінде 300 адам қатысады. Сондай-ақ, əлемнің отыздан астам ірі мердігері де бұл конференцияға қатысады. Ең бастысы, конференция аясында 3 бірлескен кəсіпорын құрылады, ол жөнінде тағы да хабарлаймыз", - деді А.Құдайберген.

Оның айтуынша, конференцияға Канада, Түркия, Ресей мен АҚШ-та өндірістерін құратын əлеуетті инвесторлар қатысады.