Мамыр айында коммуналдық қызметтер мен жанар-жағармайға тариф көтерілмейді

None
АСТАНА. 4 мамыр. ҚазАқпарат - Мамыр айында коммуналдық қызметтер мен жанар-жағармайға тариф көтерілмейді.

Бұл туралы бүгін елордада ұйымдастырылған брифинг барысында ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспанов мәлім етті.

«Мамыр айында республика бойынша реттелетін коммуналдық қызметтерге және жанар-жағармайға тарифтер көтерілмейді»,-деді ол.

Дегенмен, агенттік басшысының атап өтуінше, 1 мамырдан бастап Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында сумен жабдықтау және кәріс қызметтеріне шекті тарифтер енгізілді. Осы қызметтерді «Семей су арнасы» кәсіпорны көрсетеді. Бұл тарифтер 2 жылға, яғни 2015 жылға дейін енгізіліп отыр.

«Жалпы Семей қаласында сумен жабдықтау тарифтері 1 мың литр үшін 6 теңгеге, кәріз қызметінің тарифтері 1 мың литр үшін 3,6 теңгеге өсті»,-деді М. Оспанов.