Мамыр айында күнкөрістің ең төменгі деңгейі 16 119 теңгені құрады

АСТАНА. 4 маусым. ҚазАқпарат - 2012 жылғы мамыр айында күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы16 119 теңгені құрады.

Бұл туралы Статистика агенттігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Агенттіктің келтірген мәліметтеріне қарағанда, негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы күнкөрістің ең төменгі деңгейінің шамасы мамыр айында өткен аймен салыстырғанда 0,2 пайызға, 2011 жылғы мамырмен салыстырғанда 1,1 пайызға өскен.

 Бұның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі 24 пайыз, сүт, май және тоң май өнімдері мен жұмыртқаны - 16,5 пайыз, жемістер мен көкөністерді - 9,4 пайыз, нан және жарма өнімдерін - 7,8 пайыз, қант, шай және дәмдеуіштерді - 2,3 пайызды құраған.