КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың мамыр айының ортасында Мәскеу-Көкшетау-Мәскеу бағытындағы әуе рейсі ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысы әкімінің орынбасары Марат Иғалиевке сілтеме жасап.
"Әзірге, рейсті аптасына бір рет (жексенбі күні), кейін екі рет (сәрсенбі, жексенб күндері) Мәскеудің Жуковский әуежайы арқылы ұйымдастыру жоспарланып отыр.
Рейсті Иркутскінің "ИрАэро" әуекомпаниясы 98 жолаушыға арналған Sukhoi Superjet 100 ұшағы арқылы жүзеге асыратын болады", деп жазды Марат Иғалиев әлеуметтік желідегі парақшасында.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.