Мамыр айында тұрғын үй нарығында баға өсті - Статистика

АСТАНА. 8 маусым. ҚазАқпарат - ҚР Статистика агенттігінің хабарлауынша 2013 жылғы мамырда еліміздегі тұрғын үй нарығындағы бағаның өсуі байқалды.

Атап айтқанда, агенттік мәліметтеріне сәйкес, 2013 жылғы мамырда өткен аймен салыстырғанда көркейтілген тұрғын үйлерді алып сату 0,9 пайызға, одан төменгі санаттағыларды алып сату бағасы 0,8 пайызға, ал жаңа тұрғын үйлерді сату бағалары 0,2 пайызға өсті.

Бұл ретте өткен айда жаңа тұрғын үйлердің сату бағасының шаршыметрі 177 883 теңгені, көркейтілген тұрғын үйлер 138 110 теңгені, ал одан төменгі санаттағы тұрғын үйлер - 81 001 теңгені құраған.