деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, бұған негізгі себеп еуроның АҚШ долларына қатысты бағамының төмендеуі болды. Ішкі валюта нарығында валюта сату, Үкіметтің сыртқы борышына қызмет көрсету бойынша операциялар Үкіметтің Ұлттық Банктегі шоттарына валютаның түсуімен және банктердің Ұлттық Банктегі шетел валютасындағы корреспонденттік шоттарындағы қалдықтарының ұлғаюымен ішінара бейтараптандырылған. Нәтижесінде таза валюта қорлары (ЕАВ) 2010 жылғы мамырда 4,1 пайызға, алтындағы активтер 1,1 пайызға азайған. Мамырда тұтастай алғанда елдің халықаралық резервтері 1,0 пайызға төмендеп, 54,7 миллард АҚШ долларын құраған.