деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Е.Қизатов атап көрсеткендей, мамырдың 1-31-і күндері аралығында облысаралық бағыттағы барлық пойыздарда ҰОС ардагерлері мен мүгедектері үшін жолақысы тегін болады. Ал мамырдың 3-і мен 12-сі күндеріне билет сатып алғандарға пойыздардың мейрамханасы тегін қызмет көрсететін болады. Билеттерді ардагердің төлқұжаты мен соғысқа қатысқандығы туралы куәлікті ұсыну арқылы барлық теміржол кассаларынан сатып алуға болады.
«Мамыр айы бойы ардагерлер үшін Қазақстанның ішінде және ТМД елдері аумағына барып-келу сапары тегін болады», - деді ол. Бірақ Е.Қизатовтың сөзіне қарағанда, ардагерлердің біржолғы сапары ғана тегін болмақ.
Қазақстан теміржолы сондай-ақ, Ұлы Жеңістің 65 жылдығын атап өтуге арналған мерекелік шараларға қатысатын (мамырдың 3-12) ардагерлерді Астана мен Мәскеуге тегін апарып-келетін болады. Билеттерді ресімдеумен әкімдіктер айналысады.
ҚТЖ бұл мақсаттарға 30 миллион теңге қаражат жұмсауды көздеп отыр. Вице-президенттің айтуынша, бұл игі істі алдағы уақытта дәстүрге айналдыру жоспарда бар.