Мамырда экспортталатын тауарлар 0,1, импортталатын тауарлар 1,3 пайызға арзандады - Статистика

АСТАНА. 13 шілде. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылғы мамырда сәуірмен салыстырғанда экспортталатын тауарларға баға 0,1, импортталатындарға - 1,3 пайызға төмендеді.

Бұл ақпаратты ҚР Статистика агенттігінің баспасөз қызметі таратты.

Ведомствоның атап өтуінше, экспорттық жеткізілімдерге бағаның көмірге - 6,1, алюминийге - 5, мырышқа - 3,4, қорғасынға - 1,7, мұнай өнімдеріне - 1,5, қара металдар илегіне - 1,3 пайызға төмендеуі, олардың газ конденсатына - 11,9, ферроқорытпаларға - 10,1, сұйытылған пропан мен бутанға - 7,1, мысқа - 1,2 пайызға жоғарылауы белгіленді. Баға мақтаға - 4,5, жүнге - 1,4, бидайға - 1,1 пайызға төмен, темекіге - 2,4 пайызға жоғары болды.

Импорттық түсімдерден дәрі-дәрмектер - 11,8, кофе мен макарон өнімдері - 8,3, маргарин - 8, сүрек - 5,3, балық - 4,1, күріш - 2,4, құс еті - 2,3 пайызға арзандады. Шұжық өнімдері - 6,4, өсімдік майы - 3,6, көкөністер - 2,1, шай - 1,9 пайызға қымбаттады.