Ведомствоның таратқан ақпаратына сәйкес өндірілген өнім 6,1, өндірістік сипаттағы қызметтер 0,9 пайызға қымбаттады. Бағаның жоғарылауы кен өндіру өнеркәсібінде 7,8, өңдеу өнеркәсібінде 1,9 пайызға байқалды.
Өткен айда бағаның сұйытылған пропан пен бутанға 10, мұнайға - 9,4, газ конденсатына - 6,6, отындық мазутқа - 5,9, табиғи газға - 4,1, дизельдік отынға - 3,6 пайызға жоғарылауы, металл кендеріне - 1,5, бензинге 0,4 пайызға төмендеуі тіркелді.
Бір айда баға қымбат металдарға 13,2, алюминийге - 5,9, ферроқорытпаларға - 3, қара металдар илегіне - 2,3 пайызға жоғарылады, қорғасынға - 15,5, мырышқа - 4,9, мысқа - 0,8 пайызға төмендеді.
Жармалар 9,9, қант - 4,2, маргарин - 2,1, өсімдік майы - 1,6, сүт өнімдері - 1,3, нан - 1, қара бидай ұны - 0,5 пайызға қымбаттады, құс еті - 0,6, мал еті - 0,2 пайызға арзандады.