«Жұмыстан кеткен қызметкерлердiң арасында тұрақтамау себептері бойынша жұмыстан босатылғандар 85,7 пайызды, қызметкерлер санының қысқартылуына немесе кәсіпорынның таратылуына байланысты - 1,7 пайызды, басқа себептер бойынша кетуі - 12,6 пайызды құрайды», - делінген ҚР Статистика агенттігінің мәліметінде.
Ағымдағы жылғы мамырда жұмысқа қабылдау бойынша айналым коэффициенті 2,4 пайызды, жұмыстан босату бойынша айналым - 2,3 пайызды, жұмыс күшінің тұрақсыздық коэффициенті - 2 пайызды құрады. Осы кезеңде жұмыс күшін ауыстыру коэффициенті 104,2 пайызды қамтыды.