Мамырдан бастап 1619 көпбалалы отбасына баспана берілді – Роман Скляр

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Көпбалалы отбасыларға 7,5 мыңға тарта пәтер беріледі. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жергіліктіатқарушы органдарда кезекте тұрғандар үшін сатып алусыз жалға берілетін тұрғынүй салуға және сатып алуға 32,8 млрд теңге көзделген. Өңірлерге 14,9 млрд теңге аударылды, 14,8 млрд теңге немесе 99%игерілді. Қаражаттың төмен игерілуі Маңғыстау облысында байқалды (82%). Биылкезекте тұрғандар үшін 6 мың пәтерді пайдалануға беру жоспарлануда. 1 шілдеде924 пәтер (47,6 мың шаршы метр) берілді», - деді министр.

Оның сөзінеқарағанда, көпбалалы отбасылар үшін жалға берілетін тұрғын үй салуға және сатыпалуға 50 млрд теңге қарастырылды (құрылысқа–27,6 млрд теңге, сатып алуға - 22,4млрд теңге). Қаржыландыру жоспары бойынша өңірлерге 9,7 млрд теңге аударылды, оның 9,6 млрд теңгесі немесе 99,6% игерілді. Барлықкөздерден 7482 пәтер беру жоспарлануда.

«Мамыр айынанбастап 1619 көпбалалы отбасына тұрғын үй берілді»,- деді Р. Скляр