Мамырдың 14-інде «Нұр Отан» ХДП ХІІ съезінің күн тәртібі қаралады

None
АСТАНА. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының кезектен тыс ХІІ съезінің күн тәртібі мамырдың 14-інде, партияның Орталық аппаратында өткізілетін «Нұр Отан» ХДП Саяси кеңесінің кеңейтілген жиынында қаралмақ.
Бұл туралы бүгін брифингте партияның ресми өкілі Оксана Петерс мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Сондай-ақ Саяси кеңестің кеңейтілген мәжілісінде съездің жұмыс органдары ? мандаттық, есептік, редакциялық комиссия мен Хатшылықтың құрамы бекітіледі. Жиын жұмысына Орталық аппараттың кұрылымдық бөлімшелері мен партия жетекшілері, Саяси кеңес пен партияның орталық бақылау-ревизиялық комиссиясы мүшелері, барлық өңірлерден келген делегация өкілдері қатысады», - деді партияның ресми өкілі.Сонымен бірге мамырдың 13-інде Астанада шағын және орта бизнес мәселелеріне арналған республикалық жиын өтеді. Онда аталған саланы дамытуға мемлекеттік қолдау көрсету жайы, іске асырылған жобалар мен кәсіпкерлер жетістігі талқыға түседі. Жиынға қатысушылар экономиканың аграрлық және өндірістік секторларында шағын және орта бизнесті дамыту, мемлекет тарапынан қолдау шараларын жүзеге асыру жолдарын қарастырады. Жиын қорытындысында саланы одан әрі тиімді дамытуға бағытталған ұсыныстар сараланады.