Олар жанар-жағар майының әскери мақсатта емес, азаматтық мүдделер үшін пайдаланылатына сендіріп, экспорттық баж салығын төлеуден жалтарып келген, деп хабарлайды РБК.
Дегенмен, делдалдар фирмасы: Мәскеудегілер бұл туралы дәлірек айтқанда, әуе жанар майының Ауғанстанға жөнелтіліп жатқанын білді, алайда олар Ресей бюджетіне шығын келгенімен, жеткізушілерге жақсы пайда түсетін болғандықтан, бұған көзді жұма қарады деп шағымданып отыр.
"Манас құпиясы" деген баяндамада осы жайлар түгел айтылады. АҚШ Қорғаныс министрлігі мен Қырғызстан арасындағы әуе жанар-жағар майына байланысты стратегиялық ақтаңдақтар Конгрестегі Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі комитет басшысы Джон Тирниге берілген. Құжатта сегіз айлық тексерудің нәтижелері көрсетілген.