«Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметкерлерге тәртіптік жаза қолдану туралы ереженің 46 бөліміне сәйкес, 2016 жылдың 18 тамызы күні ҚР инвестициялар және даму министрлігі Астана қалалық көлік бақылау инспекцияның жетекшісі М.И.Орынбасаровқа қатысты қызметтік тергеу басталды», - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Қызметтік тергеу бойынша комиссия құрамына министрлік пен көлік Комитетінен бес адам енгізілді. Алайда, олардың аты-жөнін айтпады.
Айта кетейік, мемлекеттік мекеменің жиырмаға жуық қызметкері түрлі органдарға шағымданған. Оған себеп, жұмысшылардың айтуынша, мінезі нашар, кәсіби емес жетекші оларды ренжітіп, қудалауы, ұнамсыз қызметкерлерді жұмыстан шығаруы. Және бос орынға өз жерлестері мен бұрынғы әріптестерін жұмысқа алған.